Италияда босқындар мінген қайық суға батты
Ал Италияның Лампедуза аралының жағалауында босқындар мінген қайық суға батты.
Кеме апатынан 41 мигрант опат болды. Тек төртеуі ғана аман қалған. Олардың айтуынша, қайық Тунистегі Сфакс қаласынан шыққан. Жол-жөнекей тулаған толқын кемені төңкеріп тастаған. Осыған дейін Лампедуза аралының маңында мигранттар мінген екі қайық апатқа ұшыраған еді.