АҚШ-қа жақын жердегі арал өртеніп жатыр

Гаваийдің Мауи аралында алапат өрт шығып, ондаған гектар орман алқабы әп-сәтте күлге айналды.

Қызыл жалынның тез арада өршігені сонша, жақын маңдағы елді мекендерге шейін жеткен. "Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, өрт салдарынан 6 адам ажал құшты. Тағы бірнешеуі түтінге тұншығып немесе денесін күйік шалып ауруханаға түскен. Қолда бар мәлімет бойынша, емханаларда бос орын жоқтың қасы. Айта кетейік, тілсіз жаудың кесірінен қазір аралдың 10 мыңнан астам тұрғыны жарықсыз отыр. Байланыс та жоқ. Ал өрт сөндіруші мамандар екпінді желге байланысты өртті ауыздықтай алмай жатыр.