Карачи қаласы өмір сүруге қолайсыз қала деп танылды

Пәкістанның Карачи қаласы 30 көрсеткіш бойынша өмір сүруге қолайсыз деп танылды.

Зерттеу кезінде денсаулық сақтау, инфрақұрылым, экология сияқты бірнеше сала негізге алынған.

Сауалнаманы британдық "Экономист" журналының  орталығы жүргізді.

Әлемдегі ең ірі шаһарлардың бірі - Карачи өте лас қала. Көшелері қоқыстан босаған емес. Әлемдегі 173 шаһарды бағалаған Экономист журналы Карачиді 169-орынға қоюының бір себебі осы. 

Номан Ахмед, Сәулет  және жоспарлау факультетінің деканы:

- Жиналған қоқыс қайта өңделмейді. Қалада қатты қалдықтар көбейіп барады, ал оны залалсыздандыру ісі тиісті деңгейде жасалмайды. 

Тұрмыстың сапасына әсер ететін тағы бір маңызды фактор - ауыз су сапасы. Карачиге тәулігіне 4 миллиард текше метр тіршілік нәрі қажет. Алайда ол көлемнің жартысынан азы құбыр арқылы өтеді. Сондықтан жұртқа тазартылмаған су ішуге тура келеді. 

Рабиа Биби, Карачи қаласының тұрғыны:

- Өмір сүру өте қиын. Күн сайын осы шағын құтыларға су толтырып аламыз. Адамдардың көбісінде шөлмектегі ауыз суды сатып алуға мұршасы жоқ. 

Карачидің ауасы да таза емес. Әлемдегі экологиясы нашар қалалар тізімінде 7-орында тұр. Зиянды бөлшектердің үлесі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен шамадан 7 есе көп. Десе Карачиге көш тоқтаған емес. Соңғы санаққа сүйенсек 23 млнннан астам тұрғын бар. 

Бекболат Тұрмаханов