Байденды өлтірмек болған күдікті оққа ұшты

АҚШ-тың Юта штатында президент Джо Байден мен вице-президент Камала Харристі өлтіремін деп қоқан-лоқы жасаған күдікті Федералды тергеу бюроасының арнайы операциясы кезінде оққа ұшты.

Крейг Робертсон басшылардың көзін құрту мақсатын өткен жылдың қыркүйек айында интернетте жариялаған. Агенттер күдіктінің үйіне барып, оны қамауға алу және тінту жасау туралы ордерді бермек болған. Бірақ бұл әрекеттің соңы атысқа ұласты. Крейг бұған дейін Манхэттен округінің прокуроры Элвин Брэггті де өлтіремін деп қорқытқан. Өйткені Брэгг бұрынғы президент Дональд Трампқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатқан.