Делиде денге безгегі өршіді
Үндістан астанасында денге безгегі өршіді.
Жергілікті жұқпалы аурулар туралы қалалық қауымдастықтың мәлімдеуінше, соңғы екі аптада Делиде кеселді жұқтырғандар саны 105-ке жеткен. Олардың жартысы дертке кейінгі бір аптада шалдыққан. Мамандар бұл жаңбырлы маусым мен аптап ыстыққа байланысты деп отыр. Өйткені мұндай мезгілде кеселді таратын масалар көбейеді екен.