Иорданияда аптап ыстық әбігерге салды
Иракта күн шыжып тұр.
Демалыс күндері температура 51 градусқа дейін жеткен. Көршілес Иорданияда да аптап ыстықтың беті қайтар емес. Осыған байланысты ауа салқындатқыштарына сұраныс күрт артты. Шілдеде рекордтық сатылым тіркелді. Бір айда құрылғылардың бір-екі жылдық көрсеткіші сатылып кеткен. Осы айда да солай болатын түрі бар.
Лина Әл-Сиоф, Амман тұрғыны:
- Мұның бәрі жаһандық жылынудың салдары. Өзгерістерге дайын болуымыз керек. Алайда біздің баспанамыздың көбі ондайға бейімделмеген. Мәселен, мен ескі үйде тұрамын. Онда ауа салқындатқыштарын орнату жағы қарастырылмаған. Мынадай ыстықта әбден қиналып жатырмыз.