Жасыл энергияның болашағы зор

Еуроодақ елдері жасыл энергияға бет бұрып жатыр.

Былтыр одақ бойынша қуаты 41 гигаватқа тең жаңа күн электр станциялары іске қосылды. Бұл 2021-жылмен салыстырғанда 40 пайызға көп. Ал Қытайда күн панельдерінің өндірісі артқан. Нәтижесінде баға төмендеген. Сарапшылар Еуроодақта сұраныстың артуына осы жайт әсер еткенін айтады. Жалпы, былтыр күн энергиясын қолдану нәтижесінде әлемде көмірқышқыл газының шығындылары 230 миллион тоннаға кеміген.