Дағыстанда жанармай құю станциясында жарылыстан 25 адам көз жұмды

Ресейдің оңтүстігіндегі Дағыстан Республикасында жанармай құю станциясында жарылыс болды.

25 адам қаза тауып, 66 адам зардап шекті. Опат болғандар қатарында үш бала бар. Махачкаладағы оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде жедел тарады. Өрттің салдарынан бірнеше рет жарылыс болғанын көруге болады. Қала әкімшілігі сегіз цистернаның екеуі өртеніп, қайта жарылу қаупі жоғары екенін ескертті. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында құтқарушылар мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.