Мұнай бағасы арзандайды
Мұнайдың әлемдік бағасы арзандайды.
Сарапшылар АҚШ долларының нығаюы және Қытайдың жылжымайтын мүлік нарығындағы өзгерістер қара алтынның құнына әсер етеді, дейді. Бүгін Қытай билігі шілде айындағы өнеркәсіптік өндірісі, инвестиция және жұмыссыздық көрсеткіштері туралы мәліметтерді жариялауы тиіс. Өткен аптада, Қытайдағы экономикалық өсім төмендеген: экспорт 14 процентке, импорт 12 процентке азайған еді. Бұның барлығы әлемдік мұнай бағасына тікелей әсер етеді, -дейді сарапшылар. Сонымен қатар, мұнай экспорттаушы елдер ұйымы бағаны көтеру үшін шикізат өндіруді қысқарту туралы шешім қабылдады.