Аргентинаның валютасы құлдырады
Аргентинада президенттік сайлау қарсаңында төл ақшасы песоның құны құлдырады.
Осы орайда президенттіктен үміткердің бірі, оңшыл Хавьер Милей жеңіске жетсем, "песоны доллармен алмастырамын",- деп уәде етті. Осылай деп елді дүр сілкіндірген Милей, Аргентинаның орталық банкін жабуды да көздейді. Аргентиндағы жылдық инфляция 100 проценттен асты. Халықтың басым бөлігі кедейлікте күн кешуде. Блумберг басылымы бұған дейін аргентиналық песо әлемдегі ең құнсыз валютаның бірі деп жазған еді. Соның ішінде Ресей рублі мен түрік лирасы да бар.