Гавайи аралдарында өрттен қаза тапқан адам саны артты

Гавай аралдарындағы алапат өрттен қаза тапқандар саны жүзге жуықтады.

Өкінішке орай, штат билігі "Бұл сан аптаның соңына қарай 2 есе артуы мүмкін" дейді. Өткен аптада болған қайғылы оқиға АҚШ тарихында болған ең қауіпті табиғи апаттың бірі. Қызыл жалын Лахайна қаласын түгел өртеп жіберді. Түтіннен тұншығып қашқан тұрғындар теңіз суына секіруге мәжбүр болған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, шығын көлемі 5,5 миллиард долларға бағаланды.