Гавай аралдарында 60 адам тірі табылды
Гавай аралдарындағы өрттен кейін хабар-ошарсыз кетті деп есептелген 60 адам тірі табылды.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, олардың бәрі бір үйде жасырынған. Апат орнында іздестіру, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Әлі жүздеген тұрғынның қайда жасырынғаны белгісіз. Еске салайық, Гавай аралдарындағы жасыл желек саналатын Лахайна қаласы түгел өртеніп кетті. Түтіннен тұншығып қашқан тұрғындар теңіз суына секіруге мәжбүр болған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, жалпы шығын көлемі 5,5 миллиард долларға бағаланды.