Түркі елдері медициналық көмекті жақсартады

Түркі елдері денсаулық сақтау саласында күш біріктіріп, көрсетілетін көмекті жақсартады.

Әрі төтенше жағдай салдарын жоюға атсалысады. Самарқандта бауырлас елдердің үшінші медициналық конгресі өтті. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан және Татарстанның сала министрлері қатысты. Ажар Ғиният Қазақстанның алдағы уақытта түркі әлемімен бірлесіп, медициналық препарат және жабдық шығаруы мүмкін екенін атап өтті. Жиында Түркияның Денсаулық сақтау министрі жер сілкінісі кезінде қолдау көрсеткен әріптестеріне алғыс айтты. Табиғи апат салдарынан Анадолы жерінде 11 қала қираған еді. Бауырлас елдер қиын сәтте қол ұшын беріп, медицина саласының мамандары мен қажетті жабдықтарын жөнелткен.    

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Төтенше жағдай кезінде бірлесіп әрекет ету, ғылымды дамыту, біліктілікті арттыру, саланы цифрландыру сынды бағыттарда күш біріктіргіміз келеді. Одан бөлек, медициналық жабдық пен дәрі-дәрмек шығару жайын да қарастырып жатырмыз.