Африкадағы Кабо-Верде республикасының жағалауында мигранттар қайығы суға батты

Африкадағы Кабо-Верде республикасының жағалауында мигранттар қайығы аударылып, 60-тан астам адам қаза тапты.

Олардың дені, Сене-галдықтар. Атлант мұхитында болған бұл апаттан 38 адам құтқарылды. Сенегал Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, кемеде 101 жолаушы болған.

Айта кетерлігі, Батыс Африка жағалауынан Канар аралдарына дейінгі Атлантикалық көші-қон бағытын, әдетте, Испанияға бет алған африкалық мигранттар пайдаланады. Бұл әлемдегі ең қауіпті бағыттың бірі саналады.