Гаити астанасы қылмыстық топтардың бақылауында
Гаити астанасы Порт-о-Пренстің мыңдаған тұрғыны қаладан кетіп жатыр.
Өйткені қауіпсіздігі үшін алаңдаулы. Қазір шаһардың 80 проценті қылмыстық топтардың бақылауында. Латын Америкасындағы бұл мемлекет әлемдегі ең кедей елдің бірі саналады. Мұнда табиғат апаттары жиі тіркеледі. Мемлекеттік төңкерістер де толастамайды. Мұны қылмыстық топтар өз мүддесіне жиі пайдаланып жатады. 2021 жылы президенттің қазасынан кейін мұндай топтар тарапынан шабуылдар тіптен жиілеп кеткен. Жағдайды бақылауға алу үшін БҰҰ-ның Бас хатшысы өзге елдерді Гаитиге әскери көмек жіберуге шақырып отыр.