АҚШ TikTok желісіне тұсау салды
Енді Нью-Йорктің мемлекеттік қызмкеткерлері жұмыстағы құрылғыларында ТикТок-ты қолдана алмайды.
Бұған билік тыйым салды. Өйткені қосымша,,,қаланың техникалық желілеріне қауіп төндіруі мүмкін деген күдік бар. ТикТок - Қытайдың "БайтДэнс" компаниясының жасап шығарған сервисі. АҚШ билігі қосымшаның көмегімен Қытай билігі америкалықтардың жеке мәліметтерін жинауы мүмкін деген пікір білдірген. Сол себепті елдің 33 штатында мемлекеттік мекемелерде оның қолданылуы шектелді.