Алматы корей театры Оңтүстік Кореяға гастрольдік сапармен барды
Алматы корей театрының Оңтүстік Кореяға гастрольдік сапары сәтті өтті.
Өнерпаздар Корейлер Қазақстанға жер аударылған кезде қонақжай халқымыздың көрсеткен бауырмалдығы бейнелеген спектакль ұсынды. Көрермендер қойылымды бір деммен тамашалады.
Владислав Цой, тілші:
- Оңтүстік Корея парламентінде кез келген өнер ұжымы қойылымдарын сахналай бермейді. Бұл ретте Алматылық корей театры әртістерінің жолы болды. Олар Кореяның Тәуелсіздік күнінде халық қаһарманы Хом Бом Доға арналған спектакльді көпшілік назарына ұсынады.
Парламент сахнасында алғаш рет тауар вагоны қойылды. Ал экранда 19 ғасырдағы фотолар көрсетілді. Корейлердің Қазақстанға жер аудару туралы спектакльде жаңа технология қолданылды. Қойылым Хонг Бом До мемориалдық қоры мен еліміздегі корейлер қауымдастығының ұйымдастыруымен мүмкін болды.
У Вон Сик, "Хон Бом До" қоғамдық қорының президенті:
- Қойылым өте әсерлі болды. Кәрістердің туған жерінен қалай айырылғанын, 40 күн жол жүріп, амалсыз қоныстандыру кезінде қаншама азап пен ауыртпалықты сезіндім. Олар қазақ халқының көмегінің арқасында аман қалды. Спектакль қазақ халқына деген алғысты білдіреді.
Алматы театрының артистері корей тілінде сөйлемесе де сеулдік көрерменге барлық сөз тіркестері түсінікті болды. Қойылымда қазақстандықтармен бірге 4 оңтүстік кореялық өнерпаз өнер көрсетті. Олар корей, қазақ, орыс және жапон тілдерінде сөйледі. Корейлерді қазақтардың қарсы алған сәтін көрген көрермен көз жасын тыя алмады.
Тэджон
Спектакль Хонг Бом Доны еске алуға арналған. Батырдың сүйегі Қызылордадан Тэджон қаласына жеткізіліп, қайта жерленді. Хон Корея тәуелсіздігі үшін ең танымал күрескерлердің бірі. Ол Қазақстанда да құрметке ие. Қызылордада Хон Бом Доға арналған ескерткіш бар, көшеге есімі берілген.
Любовь Ни, корей музыкалық комедия театрының көркемдік жетекшісі:
- Біз корей театрына Хонг Бом До есімін беруді жөн көрдік. Қазақстанда Лермонтов, Мүсірепов, Әуезов атындағы театрлар бар, ал біздің театрымызға есімі берілген жоқ. Театрымыз Хон Бом До есімін беру туралы барлық құжаттарды жинап тапсырдық.
Нұрғали Арыстанов, Қазақстанның Корея Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі:
- Корейлер Қазақстанға күштеп жер аударылған кезде жан азабын бастан өткергенін құрметтеуіміз керек. Дегенмен, тынымсыз еңбек пен білімнің арқасында олар бүгінде өркендеп келеді. Бүгінде олардың арасында көптеген жоғары лауазымды тұлғалар, мемлекет қайраткерлері, табысты басшылар, бизнесмендер, танымал өнер қайраткферлері, тұлғалар бар және олар Қазақстан мен Корея арасындағы байланыстырушы рөлін атқарып келеді.
«40 күн ғажайып» спектаклі тарихи құжаттарға негізделген. Қойылымда корейлердің Қазақстанға 40 күндік сапарында көрген қиыншылықтары көрсетілген. Вагондардың бірінде қоныстанушылар арасында Хон Бом До генералы болды. Қызылордаға жер аударылып, 1943 жылы сол жерде қайтыс болды. Спектакль сюжеті оның әңгімелеріне негізделген. Сеул мен Теджон сахналарнында қойылымға деген қызығушылық зор болды. Өйткені генерал Хонның өмірі мен қазақ корейлерінің тағдыры Қазақстан мен Кореяны жақындатып отыр.
Владислав Цой, Ольга Лян