Үш мемлекет басшыларының алғашқы саммиты өтті
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония басщылары тұңғыш рет үшжақты кездесу өткізді.
Басқосу АҚШ президентінің жазғы резиденциясы - Кэмп-Дэвидте өтті. Саммите талқыланған басты тақырыптардың бірі Корей түбегі төңіріндегі аймақтық қауіпсіздік болды. Одақтастар Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына алаңдап отыр. Джо Байденнің мәлімдеуінше, үш мемлекет Пхеньянға қарсы санкцияларды күшейтпек. Сондай-ақ, мемлекет басшылары сауда байланыстары мен экономикалық ынтымақтастығын әрі қарай дамытуға келісті.