Албанияның батысында орман өртенді
Ондаған гектар жасыл алқап күлге айналды.
Тілсіз жаумен күреске тікұшақ жұмылдырылған. Алайда күшті желдің кесірінен өртті толық ауыздықтай алған жоқ. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Билік өкілдері өрттің шығуына адамдар кінәлі екенін анықтады. Полиция жергілікті екі тұрғынды қамауға алды. Олар қураған арамшөпті өртеп, өз жерін тазартпақ болған. Алайда желдің екпінімен от лезде айналаға тарап кетті.