Конгодағы өрт 7 баланың өмірін қиды
Конгоның шығысында лагерьде өрт шығып, 7 бала ажал құшты.
Бұл жерде биылғы мамырда су тасқыны салдарынан үйінен айырылған адамдар тұрып жатқан. Билік құрбандардың 1 мен 5 жас аралығындағы сәбилер екенін айтады. Тағы 7 адам ауруханаға түскен. Дәрігерлер «олардың халі нашар», - дейді. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Ал көктемде болған тасқыннан 460 адам көз жұмған болатын.