Вашингтон штатында дала өртінен адам қаза тапты

АҚШ-тың Вашингтон штатындағы дала өртінен 1 адам қаза тапты, жүздеген ғимарат жанып кетті.

Соңғы ақпарат бойынша, өрт 8 гектар аумаққа жайылған. Осыдан 2 тәулік бұрын басталған қызыл жалынды ауыздықтауға ауа райы кедергі келтіріп тұр, дейді өрт сөндірушілер. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.