Солтүстік Корея зымырандарды сынақтан өткізді

Солтүстік Корея қанатты зымырандарын сынақтан өткізді.

Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік дайындығы туралы жергілікті БАҚ хабар таратты. Мемлекет басшысы Ким Чен Ынның әскерилермен түскен суреті жарияланды. Бірақ сынақтың нақты қай уақытта өткізілгені белгісіз. Айта кетерлігі, бұл елдің мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен жаттығуларын үнемі сынға алады. Бірақ Пхеньян да әскери жаттығуларды көп жылдан бері үзбей өткізіп келеді. 2020 жылдан бастап елде халықаралық әуерейстері ұшпайды.