Гватемалада жаңа президент сайланды
Алдын ала нәтижелер бойынша Бернардо Аревало 59 процентпен жеңіске жетті.
Солшыл-центристік қозғалыс өкілі елдегі жемқорлықпен күресуге уәде етті. Ал оның қарсыласы, бұрынғы бірінші ханым Сандра Торреске сайлаушылардың тек үштен бірі дауыс берген. Сайлаудың ресми нәтижесі бірнеше күннен кейін жарияланады. Ал ұлықтау рәсімі 2024 жылдың 14 қаңтарында өтеді. Көптеген гватемалалық үшін Аревалоның жеңісі жарқын болашақтың кепілі, дейді жергілікті сарапшылар.