Паркинсон ауруын анықтаудың жаңа әдісін ойлап тапты
Көз торын сканерлеу арқылы Паркинсон ауруын уақытында анықтауға болады.
Британдық ғалымдар бұл технологияны жасанды интеллекттің көмегімен ойлап тапты. Бұл үшін 40 жастан асқан 210 мың науқастың медициналық деректері талданды. Осындай ауқымды зерттеудің арқасында дертке тән ерекше белгілер анықталды. Мәселен көз торының ішкі ядролық қабаты өзгеріске ұшырайды. Мамандардың айтуынша, бұрынғымен салыстырғанда жаңа әдіспен ауруды асқынбаған жағдайда, яғни 7 жылға ерте анықтауға болады.