Меккеде дауыл тұрып, нөсер құйды

Сауд Арабиясында дүлей дауыл тұрып, нөсер жаңбыр жауды.

Табиғи апат қасиетті қала Меккеде қажылықта жүргендерді қатты әуреге салды. Желдің күшті болғандығы сонша, адамдарды құлатып, сүйрей жөнелген. Жауын соңы тасқынға ұласып, су көліктерді шайып әкетті. Бұдан басқа қолайсыз ауа райы Джидда және басқа аймақ тұрғындарын да әлекке салды. Күшті жел электр желілерін үзіп, үлкен билбордтарды құлатқан.