Дональд Трамп қамауға алынуы мүмкін

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп ертең түрмеге барады.

Атлантада Трамп өзіне тағылған айыптарды тыңдайды, тіпті сол жерде қамауға алынуы мүмкін. Джорджия штатында Дональд Трампқа 2020 жылы президент сайлауында жеңілгенін мойындамай, нәтижені жоюға тырысты деген айып тағылды.

Нұрбек Бекен, тілші:
- Бұл АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа тағылып отырған төртінші айып. Өзіне тиесілі «шындық» деп аталатын желісінде Трамп «Сенесіз бе? Бейсенбіде мен Джорджия штатының Атланта қаласына қамауға алу үшін барамын», - деп жазды».

Республикалық партиядан 2024 жылы өтетін президенттік сайлаудағы кандидат өзінің қайта-қайта сотқа тартылуының астарында саяси мәні бар деп сипаттайды. Өткен аптада жарияланған айыптау бойынша Дональд Трамп пен тағы 18 адамға Джорджия штатында сайлау нәтижесін жоймақ болғаны үшін 41 іс қозғалған.

Эрик Такер, сарапшы:
- Фултон округіндегі түрме басшылығының айтуынша, Дональд Трампқа да өз кінәсін мойындап келген басқа айыпталушы сияқты қарайды. Кәдімгідей суретке түсіріп, саусақ іздерін алады. Түрме басшылығы Дональд Трампқа ешқандай ерекше жағдай жасап отырмағандарын айтты.

Нұрбек Бекен, тілші:
- Трамптың адвокаттары 200 мың доллар беріп, кепілдікке босату жөніндегі келісімге келген. Бірақ құжат бойынша Дональд Трамп әлеуметтік желіде ешқандай жазба қалдыра алмайды.

Бұл куәгерлерді қорқыту немесе сот төрелігіне кедергі жасауға тыйым салу үшін жасалып отыр. Тіпті басқа адамдардың осы тақырыпқа қатысты жазбаларын да бөлісе алмайды. Трамп түрмеге келетін күні, қауіпсіздік қатаң сақталып, мекеме маңы толық бақылауға алынады. Тәртіп сақшылары экс-президенттің жақтаушылары бей-берекет жасауы мүмкін деп сақтанып отыр.

Авторы: Нұрбек Бекен