Панама каналында 200-дей кеме тұрып қалды
Панама каналында құрғақшылыққа байланысты 200-ге жуық кеме кептелісте тұрып қалды.
Жергілікті билік суды үнемдеу үшін күн сайын өтетін кемелер санын 32-ге дейін шектеген. Бұл шара Қытай мен АҚШ арасындағы жүк тасымалдау қызмет құнын 40 пайызға өсіріп жіберді. Панама аймағын соңғы 140 жылда болмаған қуаңшылық жайлады. Жауын-шашын күткендегіден 50 пайызға аз жауып жатыр. Осы Панама каналы арқылы әлемнің 160 елін бір-бірімен жалғайтын 140 теңіз жолы өтеді. Ғаламдық сауданың 3 пайыздан астамы осы су жолына тиесілі.