Коронавирусқа қарсы жаңа вакцина шығарылды

Коронавирустың "Эрис" штаммына қарсы жаңа вакцина қыркүйекте жасалып бітеді.

«BioNTech» және «Модерна» концерндері екпені нарыққа шығаруға дайын. Бірақ бұл үшін барлық тиісті рұқсат қағаздарын алу қажет.

Вакциналар бір реттік дозамен беріледі. Германиядағы дәрігерлер екпені жасы 60-тан асқан қариялар мен олардың туыстарына қабылдауға кеңес береді. Әлемнің 51 елінде «Эрис» штаммын жұқтырғандар саны 17 пайызға жеткен. Бір ай бұрын ғана бұл көрсеткіш 7-ақ пайыз еді. Мамандар аталған мутация жұқпалы, бірақ аса қауіпті емес дейді.

Блиц:

- Пандемия аяқталса да, жаңа мутациялар немесе жаңа вирустар шыға бермек. Бұған жаһандану жол беріп отыр. Адамзат бір-бірімен араласпай тұра алмайды. Біз барлық жағдайға дайын тұруымыз керек. Қажет болса, мен төртінші немесе бесінші екпені алуға қарсы емеспін.

- Коронавируспен әбден ауырып болдық. Вакцинаның арқасында менде тұмау сияқты жеңіл өтті. Вакцина да жеткілікті болды. Бірақ қауіпті мутациялар таралуы мүмкін, мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ дәрігерлер бәрін бақылауда ұстап отыр деп сенемін.