АҚШ-тың жаңа стратегиясы жарияланды

АҚШ-тың барлау қауымдастығы жаңа стратегиясын жариялады.

Құжат маңызды деген алты бағытты қамтиды. Негізінен қазір төнген сын-қатерлерге дер кезінде жауап беріп, тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді. АҚШ-тың Ұлттық барлау директоры Аврил Хейнс жаһандық қауіп-қатерлерді болжау оңай емес екенін, сондықтан барлау құралдарын жаңарту қажеттігін атап өткен. Оның сөзінше соңғы жиырма жылда жағдай күрт өзгерді. АҚШ-тың барлау туралы жаңартылған стратегиясында Қытай мен Ресей туралы ұстанымдары бар. Нақтырақ айтқанда «Қытайдың халықаралық тәртіпті өзгертуге ниеті де, экономикалық, дипломатиялық, әскери және технологиялық күші де бар. Ол АҚШ-тың жалғыз бәсекелесі делінген». Сонымен қатар, әртүрлі көлемдегі субмемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілердің халықаралық істерге белсенді араласуы, климаттың өзгеруі, денсаулық қауіпсіздігі және жаңа технологияларды теріс мақсатта пайдалану сияқты мәселелерді. Бұл фактор болжануы қиын үлкен қиындықтарға әкелуі мүмкін, сондықтан 18 қызметтен тұратын барлау қауымдастығы барлық мүмкіндікті пайдаланады.