Мадагаскарда қақтығыс кезінде 12 адам қаза тапты
Мадагаскар астанасындағы стадионда болған қақтығыс кезінде 12 адам қаза тапты.
Зардап шеккендер саны 80-нен асты. Мамандар 10 адамның жағдайы ауыр екенін айтады. Көпшілік Үнді мұхиты елдерінің 11-ші ойындарының ашылу салтанатын көруге келген. Бареа стадионы алдында жиналған қалың халық полицияға да бағынбапты. Қазір оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Мадагаскар билігі зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін айтты. Емдеу шығындарын өтеуге уәде берді.