АҚШ инфляциямен күресіп жатыр
АҚШ-тың федералды резерв жүйесі елдегі инфляцияны, еңсере алмай келеді.
Осыған байланысты мекеме басшысы пайыздық мөлшерлемені көтеруге дайын екенін жеткізді. Естеріңізде болса, ол өткен айда ғана өскен еді. Яғни 25 базистік тармаққа көтеріліп, жылдық 5 жарым пайызға жеткен болатын. Бұл кейінгі 20 жылда болмаған жағдай. Жалпы соңғы уақытта Құрама Штаттардың қаржылық реттеушісі, ақша саясатын қатаң-датып келеді. Ондағы мақсат – инфляцияны 2 пайызға дейін төмендету.