Румынияда жанармай құю бекетінде қос жарылыс болды
Румынияда жанармай құю бекетінде қос жарылыс болып, бір адам көз жұмды.
Тағы 60-қа жуығы жараланған. Ел астанасы Бухаресттен 30 шақырым жердегі елді мекенде кешкі уақытта жанармай құю бекетінде алғашқы жарылыс болған. Соңы өртке ұласып, мамандар тілсіз жаумен арпалысып жатқанда, араға 2 сағат салып, екінші жарылыс тіркелді. Сол себепті жарақат алғандар арасында өрт сөндірушілер мен полицей көп. Жағдайы аса ауыр науқастар Бельгия мен Италия ауруханаларына жеткізілді. Оқыс оқиғадан кейін өңірде ауадағы зиянды заттар мөлшері күрт артып кеткен. Ал жарылысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.