Грекия аумағының 1% өртеніп кетті
1 мың 200 шаршы шақырым орман алқабы тып-типыл болды.
Бұған аптап ыстық пен қуаңшылық себеп. Ол аздай жел де басылмай, жағдайды ушықтырып жіберген. Биыл Еуропаның өзге елдердінде де рекордтық температуралар тіркелді. Салдарынан орман өрті жиілеп, Грекиядан бөлек тілсіз жаудан Португалия, Италия, Испания, Кипр, Франция мен Румыния да жапа шеккен. Мамандар «мұның бәріне климаттың өзгеруі себеп», - дейді. Соның салдарынан болашақта рекордтық температуралар мен табиғат апаттары жиілей түсетінін болжайды.