Еуропалық банк пайыздық мөлшерлемені көтереді
Еуропалық орталық банк пайыздық мөлшерлемені оныншы рет көтергелі жатыр.
Бұл туралы қаржылық ұйымның басшылығы мәлімдеді.
Аталған шара инфляцияның өсу қарқынын 2 пайыз деңгейінде ұстап тұруға бағытталмақ. Әзірге бұл меже 5 пайыз.
АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі де осы саясатты ұстанбақ ниетте. Олар биыл мөлшерлемені 12-рет көтереді. Федералдық резерв жүйесінің басшысы Джером Пауэлл қатаң экономикалық саясат жүргізу – мәселені шешудің бірден бір жолы деп мәлімдеді.
Джером Пауэлл, федералдық резерв жүйесінің төрағасы:
- Федералдық резерв жүйесінің міндеті – инфляция өсімінің қарқынын 2 пайызға дейін төмендету. Соңғы кезде біз қаржылық саясатты едәуір қатаңдаттық. Инфляция шырқау шегіне әлі жетпесе де, қазіргі қалпы біз үшін тым жоғары болып саналады. Қажет болса, біз мөлшерлемені әрі қарай да көтеруге дайынбыз.