Дипломатиялық миссия өкілдіктері арасында футболдан турнир өтті
Конституция күніне орай Түркияда дипломатиялық миссия өкілдіктері арасында футболдан турнир өтті.
Тұңғыш рет ұйымдастырылған шара енді дәстүрге айналамақ. Өйткені бастаманы Қазақстан елшілігі қолдап отыр. Ал биылғы турнир финалына Қазақстан мен Оман елінің дипломаттары шықты. Тартысты кездесуде отандастарымыз жеңіске жетті. Түркия командасы үштіктен көрінді.
Хаким Исмоилзод, Тәжікстан дипломаты:
- Бүгінгі шараны ұйымдастырған қазақстандық әріптестерімізге алғыс айтамын. Осы орайда сіздерді алда келе жатқан Конституция күнімен құттықтаймын. Екі ел арасындағы қарым-қатынасымыз жоғарғы деңгейде. Күні кеше ғана Тәжікстан президенті мемлекеттік сапармен елдеріңізде болды. Елеулі келісімдерге қол жеткізді. Ынтымақтастығымыз осылайша қарыштап дами беруіне тілектеспін.