Коронавирустың жаңа түрі тарады
АҚШ-та коронавирустың жаңа штаммы тарала бастады.
Дәрігерлер науқастар қатары көбейіп барады деп алаңдаушылық білдіруде. Бір ғана Нью-Йоркте аптасына 750 адам аталған дертке шалдыққан.
Шілде айында бұл көрсеткіш 3 есе төмен болатын. Мамандар күзде эпидемиологиялық жағдай ушығады, сондықтан қыркүйектің аяғы, қазан айының басында ревак-циналау науқанын тез бастап кету керек деп есептейді.