Еуропада рейстер кешігіп жатыр
Ұлыбританияда әуе қозғалысы бұзылды.
Салдарынан, бүкіл Еуропа бойынша рейстер кешігіп қонып жатыр. Лондондағы әуежайларда мыңдаған жолаушылар өз кезегін күтіп отыр.
Техникалық ақаулар, әсіресе, әуе диспетчерлері қолданатын компьютерлік жүйеге және бағдарламалық жасақтамаға кері әсерін тигізді. Елдің Ұлттық әуе қозғалысын басқару қызметі бұл мәселе алдағы сағаттарда шешілетінін мәлімдеді. Алайда, жолаушылар өз өмірлері үшін алаңдаулы.