Үлкен Лондонға кіру енді ақылы
Ұлыбритания үкіметі Үлкен Лондон деп аталатын аймаққа кіру үшін ақы енгізді.
Бұл 2006 жылға дейін құрастырылған газбен жүретін көліктерге, сондай-ақ 2015 жылға дейінгі дизельді автоларға қатысты талап. Яғни салық арқылы атмосфераға шығатын зиян түтінді азайту - мақсат. Айта кетерлігі, дәл осындай ереже бұрын Лондонның орталығына кіру үшін қолданылған. «Бұл заң 9 миллионнан астам адамның денсаулығына тікелей әсер етеді», - дейді Британия билігі.