Коронавирустың жаңа түрі өршіп барады
АҚШ-та ковидтің «Eris» деп аталатын түрі тез тарап жатыр.
Соңғы аптада бұл вирусты жұқтырып ауруханаға түскендер саны күрт артқан.
Дәрілерлер ковид күзге қарай тіпті өршуі мүмкін деп дабыл қағып отыр.
Ковидттің «Eris» деп аталатын түрі қазір АҚШ-тағы негізгі штаммдардың біріне айналды. Бұл – омикронның субварианты, өте жұқпалы саналады. Тамызда АҚШ-та тіркелген науқастардың бестін бірінен инфекцияның осы түрі анықталды.
Фредерик Дэвис, Лонг-айленд ауруханасының жедел жәрдем бөлімінің жетекшісі:
- Соңғы бірнеше аптада індеттің өршігенін байқадық. Өзін жайсыз сезініп келген науқастардың көбінде КОВИД бар екені анықталды. Бұған дейін бізге келетіндердің орта есеппен 2-4% инфекция шықса, өткен аптада бұл көрсеткіш шамамен 12%-ға жетті.
Вирус жұқтырып, ауруханаға келушілер көбейіп барады. Соңғы екі аптада орташа тәуліктік статистика 20 пайызға өскен. Жалпы елдегі эпид-ахуал күн суыған соң тіпті ушыуы мүмкін.
Денис Наш, Нью-йорк қалалық университеті эпидемиология кафедрасының профессоры:
- Біз жағдайды бақылап отырмыз. Күзде індеттің таралуы белең алады. Себебі, ауа райы сутады. Балалар да мектепке орала бастады. Сондықтан эпид-ахуал алаңдатып отыр.
АҚШ-тың ауруларды бақылау орталығы қазан айында ғана індеттің жаңа түріне төтеп беретін екпені шығаруға рұқсат беруі мүмкін. Ал дәрігерлер қазіргі вакциналар омикронның жаңа субвариантына толық қарсы тұра алмайды деп алаңдайды.