Грекиядағы өрт 81 мың гектар жерді күлге айналдырды

Грекияның Эврос аймағындағы орман өрті дес бермей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

2 апта бұрын басталған қызыл жалын 81 мың гектар жерді күлге айналдырған. Мыңдаған адам баспаналарын тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды. Тілсіз жаумен 600-ден аса өрт сөндіруші күресіп жатыр. Еуроодақ елдері аймаққа тағы қосымша көмек жөнелтті.

Балаш Уйвари, Еурокомиссияның ресми өкілі:

- Еуропалық Одақта мұндай ірі орман өрті бұрын соңды тіркелмеген. Осы себепті біз Грекияға 400-ден аса өрт сөндіруші аттандырып, 12 ұшақ пен 60 арнайы техника жөнелттік. Бұдан бөлек, лаулаған жалынды бақылау үшін Жер серігі жүйесін қолдануға көштік.

 

Ыстықтан қорық орманы отқа оранды

АҚШ-тың Техас штатында да аптап ыстықтан орман жанып жатыр. Уокер округіндегі табиғи қорықта бірер күн бұрын басталған өрт 500 гектар жерге таралып кеткен. Табиғат апатына байланысты бірқатар мекеннің тұрғындары шұғыл эвакуацияланды. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ.