Мауи аралындағы орман өрті: 385 адам іздестіріліп жатыр
Гавайи штатындағы Мауи аралындағы орман өртінен кейін жоғалып кеткен 385 адам әлі табылмады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазір іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін 3 мыңнан аса тұрғынның із-түзсіз кеткені айтылған еді. Абырой болғанда, олардың дені аман-есен табылды.
Елді дүрліктірген алапат орман өрті тамыздың басында болған. Тілсіз жаудан әсіресе Лахайна қаласы қатты зардап шекті. Мұндағы ғимараттың басым бөлігі өртеніп кеткен. 115 адам көз жұмды. Бұл – Гавайи тарихындағы ең алапат өрт.