Путин мен Ердоған кездеседі
Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған Сочиде кездеседі.
Бұл қос ел басшысының өткен қазан айынан бергі алғашқы басқосуы болғалы тұр.
Кездесуде тараптар астық келісімі мен Қара теңіз арқылы Украинаның ауыл шаруашылық өнімдерін эскпорттау мәселесін қарастырмақшы.
Өткен шілде айында ресми Мәскеу Батыс елдерін осы құжаттың баптарын толық орындамай отырғанын айтып, ұзартудан бас тартқан еді. Мәскеу Батыс елдері шектеулер арқылы ресейлік кәсіпкерлердің ауылшаруашылық өнімдері мен тыңайтқыштарын шетелге жеткізуге кедергі келтіруде деп айыптап отыр.