Қытайда 70-ке жуық қаланы су басты
Қытайдың Фуджиан және Гуангу провинцияларында «Хайкуй» тайфуны соғып, 70-ке жуық қаланы су басты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Путянь қаласында тасқын кезінде үйлерінен шыға алмай қалған 90 адам құтқарылды. 1 тәулікке созылған нөсердің салдарынан үйлер қирап, жолдар жабылды. Қытай метеорологтарының мәлімдеуінше, бұл – осы жылдың 11-ші тайфуны.
Сондай-ақ Қытайдың Канси өңірін орман өрт шарпып, 50-ден астам адам эвакуацияланды. Қазір ел үкіметі қауіптің қызыл деңгейін белгіледі.