Швеция мектептері қағаз оқулыққа ауысады
Швеция мектептері планшеттен бас тартып, қайтадан қағаз оқулықтарға көшетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұған балалардың мәтін оқудан қиналуы себеп болған. Халықаралық зерттеу қорытындысына сәйкес кейінгі 5 жылда мектеп оқушыларының мәтінді түсініп оқу деңгейі 12-ден 19%-ке нашарлаған. Осыған байланысты білім министрлігі алаңдаушылық білдіріп, тез арада дәстүрлі кітап форматына ауысу туралы шешім қабылдады. Ол үшін биыл 58 миллион еуро қаражат жұмсалмақ. Алдағы 2 жылда тағы 44 миллион еуро бөлу көзделіп отыр. Соның арқасында әр оқушыны қажетті оқулықпен қамтамасыз ету жоспарланған.