Әлемнің бірнеше елінде шеру өтіп жатыр
Чилиде осыдан 50 жыл бұрын болған төңкерісті еске алу маршы жаппай тәртіпсіздікпен аяқталды.
Қара киім киіп, беттерін жасырған бір топ азамат полицейлерге тас пен Молотов коктейльдерін лақтырды. Ал бұған жауап ретінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері суатқыштар қолданған. Әзірге бұл қақтығыстан қанша адам зардап шеккені белгісіз. Қамауға алынғандар жайлы да ақпар жоқ.
Ал Нидерландтың Гаага қаласында жүздеген экобелсенді кезекті рет шеру ұйымдастырды.
Бұл жолы табиғат жанашырлары қазба отынға берілетін субсидияға қарсылық білдірді. Тәртіп сақшыларының ескертуіне қарамастан, көшелерді бөгеп, көлік қозғалысына кедергі келтірді. Осыған байланысты жергілікті полицейлер оларға қарсы суатқыштар қолданды. Ондаған адамды қамауға алды.
Полиция өкілдері келтірген мәлімет бойынша олардың дені кәмелет жасына толмаған азаматтар.
Италияның Пешин қаласында жүздеген адам көшеге шығып, наразылық білдірді.
Демонстранттардың шеруге шығуына алып аюдың өлімі түрткі болған.
Жуырда жергілікті тұрғындардың бірі ұлттық қорық аумағынан шығып кеткен аңды атып өлтірген болатын. Осыдан кейін табиғат жанашырлары мен белсенділер бірден шу шығарып, кейін наразылық акциясын ұйымдастырды. Олардың айтуынша, жойылып кету қаупі төнген бұл жануаларға қолайлы жағдай жасау қажет.
Айта кетейік, ұлттық қорықта небәрі 60 аю қалған.