Гуандун провинциясын су басты

Гуандун провинциясын су басты

Тайваньда басталған «Хайкуй» тайфуны Гуандун провинциясына келіп жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялауда. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Айта кеткен жөн, 5 қыркүйекте Фуцзянь елді мекенін кесіп өткен жойқын дауыл салдарынан 136 адам зардап шекті, тағы 2 құтқарушы ажал құшты. 2,5 мыңнан астам үй қирады. Қазір Гуандун провинциясында тайфунның беті қайта бастады, бірақ ғалымдар ол қайта күшейе түсуі мүмкін екенін ескертеді.