Пластик қоқыстан арылу мүмкін бе?
Пластик ыдыс, бөтелке мен целлофан қағаз.
Филиппиндік экобелсенділер Маниланың жағалауын тазалап, 50 шақты қап қоқыс шығарды. Іс-шара жағалаудағы халықаралық тазалық күні қарсаңында ұйымдастырылған. Әлем мұхиттарындағы пластик қоқыстың 36%-і дәл осы Филиппин еліне тиесілі. Бұған алаңдаған экологтар халықты онан бас тартуға үндейді. Ал кәсіпорындарды пластик қаптамаларды экологияға зияны жоқ өнімдермен алмастыруға шақырды.
Айта кетейік, жағалаудағы халықаралық тазалық күні қыркүйектің әр үшінші сенбісінде аталып өтеді. Мақсат – қоршаған ортаны қоқыстан арылтып, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.