А. Балаева V Будапешт демографиялық саммитіне қатысты
Венгриядағы V халықаралық саммитте отбасылық-демографиялық саясаттың қазақстандық үлгісі таныстырылды.
Ауқымды шараға 60 елдің өкілдері қатысты. Құрметті меймандардың қатарында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бар. Өз баяндамасында министр көпұлтты Қазақстанда 100-ден астам ұлт пен 18 діни конфессия өкілдері бейбітшілікте өмір сүретінін айтты. Тағы отбасылық құндылық пен демографиялық ерекшеліктерге тоқталды. Бала тәрбиесіне әсер ететін мәселелерді де қозғады. Елде шешімін тауып жатқан жағдайлар туралы баяндады. Саммитте Аида Балаева заманауи қауіп-қатердің алдын алу кезіндегі отбасы ролін талқылауды ұсынды.