ЕуроОдақ TikTok-қа €345 млн айыппұл салды
ЕуроОдақ билігі TikTok-қа 345 миллион еуро көлемінде айыппұл салды.
Өйткені әлеуметтік желі кәмелетке толмағандардың жеке деректерін қорғау жөніндегі ережелерді бұзған. Брюссельдегі шенеуніктердің сөзінше, екі жыл бойы жүргізілген тергеу нәтижелерінен кейін басшылық жауапқа тартылған. Аталған платформаға айыппұл алғаш рет салынып отырған жоқ. Былтыр Ұлыбритания үкіметі бұл компанияға 15 миллион еуро төлеуді міндеттеді.