Канадаға «Ли» дауылы таяп келеді

Ел аумағында төнген қауіпке байланысты дайындық жұмыстары басталды.

Үкімет басшысы Джастин Трюдоның бастамасымен жедел әрекет ету тобы құрылды. Метереологтардың мәліметі бойынша, қазір «Ли» дауылы Канада жағалауынан 300 шақырым жерде. Көп ұзамай ол шығыс жағалаудағы Жаңа Шотландия ауданына жетеді деген болжам бар.